Erstellt von Nurbek Torgayev
vor mehr als 2 Jahre
|
||
Frage | Antworten |
Азамат соғысы – ол: | Мемлекет ішінде билік үшін сол ел |
Азамат соғысы болған жылдар: | 1918-1920 жылдар. |
Азамат соғысының басталуына себеп болған: | Большевиктердің демократияға қарсы саясаты. |
1918-1920 жылдары азамат соғысында большевиктерге қарсы шыққан топ: | Ақтар. |
Азамат соғысы жылдарында ақгвардияшылармен бір топта болған: | Алашорда. |
Ақгвардиялық «Сібір үкіметін» ресми түрде таныған: | Алашорда үкіметі. |
Азамат соғысының басталуында үлкен рөл атқарған бүлік: | Чехославак корпусының бүлігі. |
Азамат соғысы басталған кезде ақгвардияшыларға көмек ретінде Иран мен Каспий өңіріне енген әскер: | Ағылшын әскерлері. |
1918 жылы маусымда атаман А.Дутов басып алған қала: | Орынбор. |
1918 жылы маусымда Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын теміржолды кесіп тастаған әскери қолбасшы: | А.Дутов. |
1918 жылы қараша айында «Сібір армиясының» Екінші Жеке Дала корпусы Жетісу майданына атаман Аннековтың дивизиясын жіберудегі мақсаты: | Ташкентті басып алу. |
1920 жылы (Азамат соғысы жылдарында) Дала өлкесінің төтенше комиссары: | Ә.Жангелдин. |
Азамат соғысы жылдарында Торғай уезінің әскери комиссары: | Амангелді Иманов. |
Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі: | Біржан Қаратаев. |
Лениннің тапсыруымен Ақтөбе майданына қару жеткізу экспедициясын басқарған: | Әлибі Жангелдин. |
Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарған: | Черкасск қорғанысы (1918 жылғы маусым–1919 жылғы қазан). |
Азамат соғысы жылдарында атаман Аннековтың бұйрығымен «Монғол» кемесінде тірідей өртелген Өскемен уездік Кеңесінің тұңғыш төрағасы: | Яков Ушанов. |
1920 жылғы наурызда Семей облысының солтүстігінің ақгвардияшылардан азат етілуі нәтижесінде жойылған майдан: | Жетісу майданы. |
Азамат соғысының кескілескен қырғынында қаза тапқан адамдар саны: | 8 млн. |
Азамат соғысы кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын Орталық Ресеймен байланыстырған темір жол: | Александров-Гай – Ембі темір желісі (1919 жылғы желтоқсан). |
Азамат соғысы барысында азық-түлік салғырты енгізілді: | 1919 жылғы қантар. |
«Әскери коммунизм» кезеңінің бір іс-шарасы: | Еңбек армияларын құру. |
Азамат соғысы кезінде Қазақстанда мұнай өндіру 1913 жылмен салыстырғанда қысқарды: | 4 есе. |
Қарағандыда көмір өндіру қысқарды: | 5 есе. |
Азамат соғысының барысында алаш зиялыларының Кеңес өкіметі тарапына өтуіне ықпал еткен: | Контрреволюция мен интервенция тарапынан қатыгездік пен зорлықтың күшейтілуі. |
БОАК 1919 жылғы 14 сәуірдегі қаулысы: | «Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан қырғыздар (қазақтар), сондай-ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық «Алашорда» үкіметінің мүшелері өздерінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауға тиіс». |
БОАК 1919 жылғы 14 сәуірдегі қаулысы бойынша | «Алашорда» үкіметінің мүшелеріне амнистия жарияланды. |
1919 жылы «Төңкеріс және қазақтар» деген мақала жазған қазақ зиялысы: | А.Байтұрсынов. |
Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеті құрылды: | 1919 жылы 10-шілде. |
1919-1920 жылдары Қазревком Қазақстанда қолына алған билік: | Әскери-азаматтық билікті. |
Қазақ Революциялық Комитетінің басшысы болып тағайындалған, ұлты поляк, 1902 жылдан Компартия мүшесі: | С.Пестковский. |
Қазақ Революциялық Комитетінің органы болған баспасөз: | «Ұшқын» газеті. |
Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің міндеттерінің бірі: | Қазақ автономиясын құруға дайындық. |
1920 жылы 9 наурызда қабылданған шешім | «Алашорданы» тарату туралы. |
1920 жылдың наурыз айында өз жақындағылардың үлкен тобымен кеңес билігі жағына өткен Алаш-Орда жетекшілерінің бірі: | А.Байтұрсынұлы. |
Қазақ АКСР-н құру туралы декрет шықты: | 1920 жылы 20-тамыз. |
Қазақ АКСР-ның құрылғанын жариялаған құжат: | «Қазақ АКСР-ның құрылуы жөніндегі» декрет. |
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды: | Орынбор қаласында 1920 жылы 4 қазанда. |
Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің алғашқы төрағасы: | С.Меңдешев. |
Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы: | В.Радус-Зенькович. |
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезінде қабылданған құжат: | «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы». |
Қазақ АКСР-інің тұңғыш астанасы: | Орынбор (1920-1924 жж.). |
А.Байтұрсынов пен М.Сералин өз жазбаларында Қазақстанға қосу қажет деп дәлелдеген аймақ: | Қостанай. |
Қазақ жерлерін біріктіруде Қазақстан мүддесін жақтаған тұлға: | В.И.Ленин. |
Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-іне берілді: | 1921 жылы. |
1926 жылғы Қазақ АКСР-і құрамына қазақ жерлерінің бірігуі нәтижесінде республика аумағы: | 2,7 млн км2 жетті. |
1926 жылғы Қазақ АКСР-інің халық саны: | 5 миллион 230 мың |
1926 жылғы Қазақстандағы қазақ халқының үлес салмағы: | 61,3%. |
1924 жылы Қазақстан астанасы көшірілген қала: | Қызылорда. |
1929 жылы Қазақстан астанасы көшірілген қала: | Алматы. |
Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін «Алдағы уақыттарда қырғыз-қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады: | 1925 жылы. |
1925 жылы ақпан айында Қырғыз облыстық партия ұйымы өзгертілді: | Өлкелік партия ұйымы деп. |
Қазақстан комсомолының І съезі өтті: | 1921 жылғы шілдеде Орынборда. |
Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ) бюросының тұңғыш төрағасы: | Ғани Мұратбаев. |
Ауылдардағы ағарту жұмысының орталықтары: | «Қызыл отаулар». |
Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы» декрет қабылдады: | 1921 жылғы қантарда. |
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қабылдады: | 1923 жылғы 22 қарашада. |
1921 жылдың жазында республиканың едәуір бөлігін қуаншылық жайлады, республика халқының аштыққа ұшыраған бөлігі: | 1/3 бөлігін. |
1922 жылдың маусымына қарай Батыс Қазақстанда аштыққа ұшырағандар мен аурулардың үлесі (саны): | 82%. |
1921 жылғы аштыққа қарсы күрес шараларының бірі: | БОАК-інің декретімен республиканың егін шықпаған аудандарының халқы азық салығынан босатылды. |
1921 жылы 14 маусымда енгізілген «Нақты ет салығы туралы» декреті бойынша | көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары ет салығынан босатылды. |
Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпау салдарынан зардап шеккен шаруаларға қаражат бөлді: | мал сатып алу үшін. |
1921 жылғы жер-су реформасының негізгі мақсаты: | Патша өкіметі тартып алған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтару. |
Патша үкіметінің Сібір және Орал казак әскерлеріне берген жерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декрет шығарылды: | 1921 жылғы сәуір. |
Жер-су реформасын жүзеге асыруда үлкен рөл атқарған кедейлер ұйымы: | «Қосшы одағы». |
Кедейлер ұйымы «Қосшы одағы» құрылды: | 1921 жылы. |
Жер-су реформасы кезінде Жетісу және Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін құрылған жер қорының көлемі: | 1 млн десятинадан астам. |
Кеңестік биліктің 1921 жылы наурыз айында РК(б)П-ның Х съезінде енгізген экономикалық саясаты: | Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). |
1921 жылғы наурызда азық салғырты алмастырылды: | Азық салығымен. |
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты рұқсат етілді: | Жерді жалға беруге және алуға, жалдама еңбекті қолдануға, ұсақ кәсіпорындарының жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілуіне. |
Жаңа экономикалық саясат кезінде сауда, тауар айырбасы саласында рұқсат етілді: | Жеке саудаға. |
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жойылды: | еңбек міндеткерлігі мен еңбекке жұмылдыру. |
ЖЭС енгізілгеннен кейін | мал өсірумен айналысатын, ірі қарасы алтыға жетпейтін қожалықтар салықтан босатылды. |
1924 жылдың 1 қантарынан бастап үкіметтің шешіміне сәйкес енгізілген салықтың түрі: | Тек ақшалай. |
1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген ақшалай үдемелі салығының негізгі қиындығы түсті: | Кулак пен байларға. |
Жаңа экономикалық саясат жылдарында кеңінен дамыған ауыл шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында құрылған қоғам: | «Қосшы одағы». |
«Қосшы одағының» 1930 жылдан кейінгі атауы: | «Кедей одағы». |
ЖЭС кезеңіндегі мал шаруашылығындағы өзгерістер: | мал басының өсуі. |
1928 жылғы Қазақ АКСР-дегі мал саны: | 41 млн. |
1920 жылы пайдалануға берілген Шымкенттегі зауыт: | Шымкент сантонин (дермене) зауыты. |
Жаңа экономикалық саясат жылдарында дамытуға көбірек көңіл бөлінген өнеркәсіп саласы: | Түсті металлургия. |
Жаңа экономикалық саясат жылдарында республиканың түсті металлургияның басты ауданы: | Кенді Алтай. |
Жаңа экономикалық саясат жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40%-ын берген өнеркәсіп: | Риддер қорғасын зауыты. |
1927 жылдан бастап мыс өндіре бастаған комбинат: | Қарсақбай комбинаты |
Möchten Sie mit GoConqr kostenlos Ihre eigenen Karteikarten erstellen? Mehr erfahren.