Criado por Альмира Алибекова
mais de 2 anos atrás
|
||
Questão | Responda |
1917 жылға қарай Қазақстанда қазақтардан тартып алынған жердің көлемі: | 45 миллионнан астам десятина. |
1907-1912 жылдары Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен қоныстандырылғанадамдардың саны: | 1 млн 600 мың |
«1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды», – деп жазды: | Т.Рысқұлов. |
1913 жылдың өзінде «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», – деп жазған: | А.Байтұрсынов. |
«Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы: | Әлихан Бөкейханов. |
1914-1918 жылдардағы Ресей үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі ролі осы оқиғаға байланысты күшейді: | Бірінші дүниежүзілік соғыс. |
1916 жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда енгізілген жаңа салық түрі: | Әр үйден алынатын соғыс салығы |
1916 жылғы көтерілістің негізгі себебі: | Ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуі. |
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа желеу болған себеп: | 19- дан 43 жасқа дейінгі адамдарды қара жұмысқа алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы. |
1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша қара жұмысқа алынатын адамдардың жасы: | 19-43 |
1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен қара жұмысқа алынуға тиіс адамдар саны: | 500 мыңнан астам |
1916 жылғы патша жарлығына байланысты «...жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылды» - деп айтқан:ы. | Мыржақып Дұлатұл |
1916 жылғы қозғалыстың қамтыған аумағы: бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір, Кавказдың бір бөлігі. | бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір, Кавказдың бір бөлігі. |
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басты қозғаушы күші: | Халық бұқарасы. |
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сипаты: | Отаршылдыққа қарсы. |
Жергілікті әкімшілік, байлар мен мұсылман дінбасыларының балалары босатылды: | Патша үкіметіне тыл жұмыстарына адамдар алуға көмектескені үшін. |
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан халықтың ең бірінші жасаған іс-әрекеті: | Отарлауға дейінгі дәстүрлі басқару жүйесін қалпына келтірді. |
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына байлар мен ауыл старшындарының ұстанған бағыты: | Жарлықты жақтап шықты. |
1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», – деп жазғандар: | Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов. |
28. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына қазақтың либерал–демократиялық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов) көзқарасы: | парасатты ымыраластық тәсілін жүргізді |
либерал–демократиялық зиялы қауымы | Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов |
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бірінші орында ұстады: | халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын. |
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде ымыраластық тактикасын ұстану арқылы халықты қан төгістен аман сақтауға тырысқан зиялылар өкілі: | Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов. |
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығы: | Жетісу. |
Жергілікті казактардан жазалау отрядын ұйымдастыру үшін казак станицаларын асығыс түрде қару жарақпен қамтамасыз еткен Жетісудың генерал-губернаторы: | М.А.Фольбаум. |
1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Жетісу көтерілісшілері күш біріктірді: | Қырғыз, ұйғыр шаруаларымен |
Патша үкіметі көтерілістің 12 басшысын азаптап өлтірді, ал Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған көтеріліс басшы: | Б.Әшекеев. |
Қарқара түрмесінде азапталып өлтірілген, 1916 жылғы көтеріліс жетекшілерінің бірі: | Жәменке Мәмбетов. |
1916 жылғы көтеріліс барысында Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халық саны: | 300 мың |
1916 жылы Торғайда болған көтеріліс ерекшеленді: | Бір орталыққа бағындырылған басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен. |
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары хан етіп сайлады: | Әбділғафар Жанбосыновты. |
Торғайдағы көтерілістің сардарбегі: | Амангелді Иманов. |
Торғайдағы көтеріліс сардарбегі Амангелді Имановтың серігі, мерген: | Кейкі батыр. |
Өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшы: | А.Иманов |
Торғайды ала алмайтын болғандықтан, көтерілісшілер қоршауды тоқтатып: | партизандық күрес әдісіне көшті. |
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа байланыста «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді... | ӘлиханБөкейханов |
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді: | Жарты миллионға жуық. |
ХХ ғасырдағы Ресей патша өкіметіне қарсы шыққан қазақ халқының ең соңғы көтерілісі: | 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. |
1905 жылдың шілдесіндегі Қарқаралы петициясында қойылған талап: | Халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру |
1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думада «Қоныстандыру қазіргі кезде қырғыз-қайсақ халқын көшіріп жіберумен қат-қабат жүргізіліп жатыр», - деп баяндама жасаған депутат: | Бақытжан Қаратаев |
1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің ерекшелігі: | Партизандық күрес әдісін қолданды |
1911 жылы Орынбор губерниясының Троицк қаласында жарық көрген алғашқы қазақ журналы: | «Айқап» |
Отарлық ұлт аудандарының «Сілкініп оянуына» негіз болған «Қанды жексенбі» болған жыл | 1905 жылы |
1905 жылы Қарқаралыда өткен еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын саяси жиынға белсене қатысты: | М.Дулатов |
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «Түземдік» халық арасынан екінші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған федералист | М.Тынышпайұлы |
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «Түземдік» халық қарасында екінші мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған: | Ш.Қосшығұлұлы |
Қазан төңкерісі қарсаңында халықтан тартып алынған жер көлемі: | 45 млн десятина |
«Қазақ» газетінің редакторы болған қайраткер: | А.Байтұрсынұлы |
ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда үлкен орын алған журнал: | «Айқап» |
1905 жылдың шілдесіндегі Қарқаралы петициясында қойылған талап: | Азаматтық және сот істерін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту |
1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думада қоныстандыру «...қырғыздарды жерінен емес, олардың тұрғын үйінен қуып шығаруда», - деп баяндама жасаған депутат: | Бақытжан Қаратаев |
1916 жылғы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілістің ерекшелігі: | Қазақтарға ұйғыр, дүнген және қырғыздар қосылды |
1913 жылы Орынборда шығарыла бастаған жалпыұлттық газет: | «Қазақ» |
Жетісу облысында көтерілістің ерекшелігі: | Көпұлтты |
Жәдидшілдіктің негізін қалаған: | Гаспринский |
Ұлттық либералды-демократиялық қозғалыс өкілдерінің қазақ халқының мүддесін қорғау жолындағы күресінің өзіндік ерекшелігінің бірі түрі: | Петиция |
Түркістан уәлаятының газеті шығарылған қала: | Ташкент |
1888 жылдан бастап Омбы қаласында шығарылған газет: | Дала уәлаятының газеті |
Quer criar seus próprios Flashcards gratuitos com GoConqr? Saiba mais.