Creado por Zhanat Rysmagambetov
hace más de 2 años
|
||
Pregunta | Respuesta |
1940 жылы Германияның КСРО-ға қарсы жоспары аталды | Барбаросса |
Гитлерлік Германия өзара шабуыл жасаспау туралы кеңес-герман шартын бұзып,КСРО-ға тұтқиылдан басып кірді: | 1941 жылы 22 маусым |
Республика аумағында жұмыс істеген 27 әскери оқу орнынан даярлап шығарылған офицер саны: | 16 мың |
Шымкент қаласында Чугуев әскери авиаучилищесінде оқыған, үш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған: | Н.Кожедуб |
1998 жылы Ресейдің батыры және Қазақстанның «Халық қаһарманы» атағы берілді: | Б.Бейсекбаев |
1941 жылдың ауыр күндерінде «Ленинградтық өренім» жырын халыққа арнаған қазақ ақыны: | Ж.Жабаев |
1941 жылдың 10 шілдесінен 1944 жылдың 10 тамызына дейін созылған шайқас атауы: | Ленинград үшін шайқас |
Ленинград үшін шайқаста дзот амбразурасын кеудесімен жауып,ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры: | С.Баймағамбетов |
Қызыл тулы «Киров» крейсеріндегі қазақстандық жауынгердің саны: | 156 |
Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп,5 неміс офицерінің көзін жойған қазақ батыры: | Т.Тоқтаров |
Мәскеу түбінде ерлік көрсеткен 316-атқыштар дивизиясына қолбасшылық еткен генерал-майор: | И.В.Панфилов |
Кеңес Одағының Батыры атағын алған Мәлік Ғабдуллин ерлік көрсеткен шайқасы: | Мәскеу түбінде |
Амангелді Имановтың ұлы автоматшы Рамазан Амангелдиев қаза тапқан шайқас: | Воронино селосы үшін |
Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Ту» орденімен мараппатталған дивизия: | 316-атқыштар |
Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді: | 1942 жылы |
1961 жыл 10 қарашада Сталинград атанған қала: | Волгоград |
Қызыл Ту орденімен марапатталған Сайрам ауданы Ворошилов атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхозшысы: | Ә.Құрмантаев |
Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапқан ақын Жамбылдың ұлы,пулеметші: | Алғадай |
Ұлы отан соғысы кезінде Қазақстанға жақын майдан: | Сталинград |
Сталинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры атағын алған минометші: | Қ.Сыпатаев |
Павлов үйі гарнизонын қоршауға қатысқан Оңтүстік Қазақстаннан барған жауынгер | Т.Мырзаев |
Ұлы отан соғысында Ленин ордені мен Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық жауынгерлер саны: | 500-ге жуық |
Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған ұшқыш: | Л.Беда |
Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақтар | 97 |
«Даңқ» орденімен мараппатталған қазақ жауынгерлер саны: | 142 |
Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Кеңес Одағының Батырлары: | Р.Қошқарбаев,Г.Булатов |
2000 жылы «Ғасыр адамы» танылған тұлға: | Б.Момышұлы |
1990 жылы 11 желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді: | Б.Момышұлы |
Жанып жатқан үшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып,серігі Комиссаровпен бірге ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры: | Н.Әбдіров |
1945 жылдың наурызына дейін,417 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып,200 әуе ұрысын жүргізіп,жаудың 37 ұшағын құлатқан Кеңес Одағының Батыры: | С.Луганский |
Сағадат Нұрмағамбетов ерлік көрсеткен шайқас: | Берлин үшін |
¿Quieres crear tus propias Fichas gratiscon GoConqr? Más información.