Creado por Nurbek Torgayev
hace más de 2 años
|
||
Pregunta | Respuesta |
Ф.И.Голощекин Қазақстанда билік басында болған жылдар: | 1925-1933 жж. |
Ф.И.Голощекинның насихаттаған идеясы: | «Кіші Қазан». |
«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткерлері: | С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев. |
«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан жақтың талабы: | Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақын орналастыру. |
Қазақстандағы индустрияландыру ісі уақыты жағынан тұстас келді: | Бірінші бесжылдықпен (1928-1932 жж.). |
Қазақстанда индустрияландыру ісі басталды: | Табиғи байлықтарды зерттеуден. |
Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик: | И.М.Губкин. |
И.М.Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңір: | Орал-Ембі. |
Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик: | Н.С.Курнаков. |
Қазақ Республикасы «Кеңес Одағының тұтас металлогенді аймағы болып табылады» деген тұжырым жасаған: | Курнаков. |
Жезқазған мыс кенін зерттеген, жас инженер-геолог: | Қ.И.Сәтбаев. |
Бірінші бесжылдықтағы халықтық екпінді құрылыстардың бірі: | Түрксіб теміржолы. |
Түркістан-Сібір темір жолы салына бастады: | 1927 жылы. |
Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны: | 100 мың. |
Түрксіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған, кейіннен «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің басшысына дейін көтерілген тұлға: | Т.Қазыбеков. |
Қатардағы жұмысшыдан, Түркісіб темір жолының бастығына дейін көтерілді: | Д.Омаров. |
Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті: | Үш жылда. |
Түрксібтің солтүстік және оңтүстік учаскелері 1930 жылғы 28 сәуірде түйіскен станция: | Айнабұлақ. |
Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді: | 1931 жылғы қантар. |
Түрксіб темір жолы жалғастырды: | Орта Азия мен Сібірді. |
Индустрияландыру жылдарында республика индустриясының дамуына үлес салмағы зор болған өңір: | Ертіс өңірі. |
КСРО-да мырыш, мыс, қорғасын және басқа да стратегиялық металдар өндіру жөнінен жетекші орын алған «үшбұрыш»: | Орал – Сібір – Қазақстан. |
Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынған «Екінші Баку» аталған жаңа мұнай базасы: | Эмбі мұнай кәсіпорыны. |
Индустрияландыру жылдарында елдің қаржы жүйесін нығайтуға қомақты үлес қосқан: | Алтын өндіру. |
Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс: | Әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару. |
Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді: | Шикізат көздерін игеру. |
Индустрияландыру жылдары білікті жұмысшы кадрлар, инженер-техник мамандар көбінесе әкелінді: | Ресей мен Украинадан. |
1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны | 375 мың. |
Соғыс қарсаңында қалаларда және қала үлгісіндегі елді мекендердегі қазақстардың үлесі: | 16%. |
«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер: | С.Садуақасов. |
Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды: | 1927 жылғы ХV съезде. |
Орталық комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды негізінен аяқтауды белгіледі: | 1932 жылдың көктеміне қарай. |
...Ф.Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» идеясына наразылық білдірген ұлт зиялылары (С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев) тағылған айып:... | «ұлтшыл». |
1928-1929 жылдары астық дайындау барысында жазаланған шаруалар саны: | 31 мыңдай. |
Ұжымдастыруға дейінгі республикадағы мал саны: | 40,5 млн. |
Қазақстан ОАК мен ХКК «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды: | 1928 жылы. |
1928 жылы жер аударылған жартылай феодалдар мен байлардың саны: | 657 |
Ұжымдастыру жылдары ірі байлардан алынып, ұжымшарларға берілген ірі қара малдың саны: | 145 000. |
Қазақстанның мал шаруашылығы аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы: | Жерді бірлесіп |
1932 жылдың ақпанында аумағы 150 км жерден көшіріп әкеліп, 400 киіз үйден «қала үлгісіндегі поселке» жасалған аудан: | Шу. |
Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% ұжымдастырылған болса, 1931 жылы: | 65% ұжымдастырылды. |
1931-1932 жылдары малдың 80 пайызын етке өткізген аудан: | Шұбартау. |
Торғайлық асыра сілтеушілер «Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын!» деген ұран тастап, онда млн-ға жуық малдың не бары: | 98 мыңы қалды |
Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы қалғаны: | 4,5 млн |
Ұжымдастыру кезіндегі «Ұлы жұт» жылдары: | 1930-1932 ж.ж. |
1931-1933 жылдары аштықтан қырылған халық саны: | 6,2 млн адам болды, 2,1 млн-ы адам қаза тапты. |
1931-1933 жылдары аштықтан қырылғандардың ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны: | 0,4 млн. |
1930-1932 жылдары аштықтан,түрлі індеттерден халықтың: | 40% қырылды. |
Ұжымдастыру жылдарында республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен халық саны: | 1 млн аса. |
Ұжымдастыру кезінде, 1929 жылы жауапқа тартылған шаруалар саны: | 56 498 |
Күшпен ұжымдастыруға қарсы Қазақстанда қарулы қарсылықтар болды: | 1929-1931 жж. |
1930 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін күшпен ұжымдастыруға қарсы халық наразылығының ірі ошағына айналған: | Семей округі. |
«Қазақ өлкелік комитеті бандиттік- басмашы қозғалысының көрінісі», деп бағалаған Торғай шаруаларының көтерілісі: | Батпаққара 1929 жылы 1 қарашада басталды |
Ұжымдастыруға қарсылық ошағы, Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстаннан 5 мың шаруа біріккен Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырылған: | 8-дивизия басып тастады. |
Жаппай ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары кезінде көтерілісшілер басып алған аудан орталығы: | Созақ. |
Ұжымдастыру жылдарында халқы Иран мен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болған аудандар: | Маңғыстау, Ойыл, Табын, Жылқосын. |
1931 жылдың көктемінде көтеріліс жасаған шаруалар түгелдей қырылып тасталған аудандар: | Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау. |
1930-1932 жылдары ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы өткен толқулар мен көтерілістер саны: | 372 |
1932 жылғы шілдеде БК(б)П өлкелік комитетіне, Ф.Голощекинге жазылған ашық хат: | «Бесеудің хаты». |
1933 жылы наурызда И.В.Сталинге л хат жазған қайраткер: | Т.Рысқұлов. |
Ұжымдастыру барысында компартия Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылдады: | 1932 жылы |
Екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болып, онда ауыл шаруашылығы артелінің жаңа үлгі Жарғысы қабылданды: | 1935 жыл ақпан. |
Ұжымдастырудан кейін Қазақстанның ұжымшарлары мен кеңшарлары қайта бас көтере бастады: | Екінші бесжылдық кезінде. |
Қазақтардың көшпелі өмір салтынан отырықшылыққа көшуі, негізінен аяқталды: | Екінші бесжылдық кезінде. |
Ұжымдастырудан кезеңінен кейін ауылда өзекті тұлғаға айналған: | Механизатор. |
1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінді: | Корейлер. |
1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшірілген корейлер саны: | 100 мыңнан астам адам. |
1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға қоныс аударушы корейлерден тұратын қанша ұжымшар құрылды және қай облыстарда | 57 ұжымшар құрылды Алматы, Қызылорда облыстарында. |
Елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады: | 1930 жылдарда. |
«Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген теорияның авторы: | Сталин. |
ХХ ғасырдың 30 жылдары тоталитарлық, казармалық жүйені енгізген қайраткер: | Сталин. |
1930 жылғы сәуірде Қазақ АКСР БМСБ (Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма) алқасы қазақ-кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі: | Ж.Аймаутовты атуға үкім шығарды. |
Қазақстанда «қызыл астананы» салушылардың «қаскүнемдігі» ашылды: | 1928 жылы Қызылорда. |
«Қызыл астана» салуда қастандық ұйымдастырды деп сотқа тартылғандар: | П.Т.Буддаси, С.Б.Голдгор, М.Тынышбаев, С.А.Баграков. |
Лаңкестік жаппай сипат алды: | 1937 – 1938 жылдары. |
1905 жылдан партия мүшесі, революционер: | В.Н.Андроников. |
1917 жылдан партия мүшесі: | Л.И.Мирзоян. |
1917 жылдан партия мүшесі, азамат соғысына қатысушы: | К.Я.Рафальский. |
Лаңкестік құрбаны болған қазақ тілі білімінің ғылыми-маркстік негізін салушы: | А.Байтұрсынов. |
Жазалаудың құрбаны болған қазақтың тарихи білімінің негізін салушы: | С.Асфендияров. |
Лаңкестік құрбаны болған КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі: | М.Төлепов. |
Жазалаудың құрбаны болған көрнекті тілтанушы ғалым, профессор: | Қ.Жұбанов. |
1931 жылы Қарағанды облысының, Осакаров ауданында пайда болған обсервациялар саны: | 25 қоныс обсервация. |
101 мың қазақстандықтар ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде атылғандары: | 27 мыңнан астамы. |
1930-1940 жылдары және 1950 жылдарда контрреволюциялық қылмыстар туралы істердің жартысынан астамын қараған сот емес органдар: | БСМБ (Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма) алқасы, «үштіктер» (үш адамнан құралған комиссия). |
Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагерде (АЛЖИР) осы мемлекет қайраткерінің әйелі мен қызы азап шекті: | Т.Рысқұловтың. |
КСРО конституциясы қабылданды: | 1936 жылы 5 желтоқсан VIII съезде. |
Қазақ АКСР-і Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазақКСР) деп аталды: | 1936 жылы желтоқсанда. |
Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды: | 1937 жылы наурыз Қазақстан Кеңестерінің Төтенше Х съезде. |
1937 жылы желтоқсанда КСРО Жоғары Кеңесіне республикадан сайланған депутаттар саны: | 44. |
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған шахтер: | Т.Күзембаев. |
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған мұнайшы: | С.Зұрбаев. |
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған сауыншы: | С.Оңғарбаева. |
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған Комбайыншы | И. Логвиненко |
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған паровоз машинисі | Л.Березняк. |
1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің сайлауы өтіп, сайланған депутат саны: | 300 депутат. |
1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне сайланған депутат-қазақтардың саны: | 152. |
1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне сайланған әйел-депутаттар саны: | 60 |
1938 жылы 15 шілдеде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын ашқан: | Ж.Жабаев. |
¿Quieres crear tus propias Fichas gratiscon GoConqr? Más información.