ХХ ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысы мен 30-жылдарындағы Қазақстанның дамуы

Descrição

FlashCards sobre ХХ ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысы мен 30-жылдарындағы Қазақстанның дамуы, criado por Nurbek Torgayev em 19-04-2022.
Nurbek Torgayev
FlashCards por Nurbek Torgayev, atualizado more than 1 year ago
Nurbek Torgayev
Criado por Nurbek Torgayev mais de 2 anos atrás
417
0

Resumo de Recurso

Questão Responda
Ф.И.Голощекин Қазақстанда билік басында болған жылдар: 1925-1933 жж.
Ф.И.Голощекинның насихаттаған идеясы: «Кіші Қазан».
«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткерлері: С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев.
«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан жақтың талабы: Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақын орналастыру.
Қазақстандағы индустрияландыру ісі уақыты жағынан тұстас келді: Бірінші бесжылдықпен (1928-1932 жж.).
Қазақстанда индустрияландыру ісі басталды: Табиғи байлықтарды зерттеуден.
Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик: И.М.Губкин.
И.М.Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңір: Орал-Ембі.
Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик: Н.С.Курнаков.
Қазақ Республикасы «Кеңес Одағының тұтас металлогенді аймағы болып табылады» деген тұжырым жасаған: Курнаков.
Жезқазған мыс кенін зерттеген, жас инженер-геолог: Қ.И.Сәтбаев.
Бірінші бесжылдықтағы халықтық екпінді құрылыстардың бірі: Түрксіб теміржолы.
Түркістан-Сібір темір жолы салына бастады: 1927 жылы.
Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны: 100 мың.
Түрксіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған, кейіннен «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің басшысына дейін көтерілген тұлға: Т.Қазыбеков.
Қатардағы жұмысшыдан, Түркісіб темір жолының бастығына дейін көтерілді: Д.Омаров.
Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті: Үш жылда.
Түрксібтің солтүстік және оңтүстік учаскелері 1930 жылғы 28 сәуірде түйіскен станция: Айнабұлақ.
Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді: 1931 жылғы қантар.
Түрксіб темір жолы жалғастырды: Орта Азия мен Сібірді.
Индустрияландыру жылдарында республика индустриясының дамуына үлес салмағы зор болған өңір: Ертіс өңірі.
КСРО-да мырыш, мыс, қорғасын және басқа да стратегиялық металдар өндіру жөнінен жетекші орын алған «үшбұрыш»: Орал – Сібір – Қазақстан.
Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынған «Екінші Баку» аталған жаңа мұнай базасы: Эмбі мұнай кәсіпорыны.
Индустрияландыру жылдарында елдің қаржы жүйесін нығайтуға қомақты үлес қосқан: Алтын өндіру.
Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс: Әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару.
Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді: Шикізат көздерін игеру.
Индустрияландыру жылдары білікті жұмысшы кадрлар, инженер-техник мамандар көбінесе әкелінді: Ресей мен Украинадан.
1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны 375 мың.
Соғыс қарсаңында қалаларда және қала үлгісіндегі елді мекендердегі қазақстардың үлесі: 16%.
«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер: С.Садуақасов.
Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды: 1927 жылғы  ХV съезде.
Орталық комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды негізінен аяқтауды белгіледі: 1932 жылдың көктеміне қарай.
...Ф.Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» идеясына наразылық білдірген ұлт зиялылары (С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев) тағылған айып:... «ұлтшыл».
1928-1929 жылдары астық дайындау барысында жазаланған шаруалар саны: 31 мыңдай.
Ұжымдастыруға дейінгі республикадағы мал саны: 40,5 млн.
Қазақстан ОАК мен ХКК «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды: 1928 жылы.
1928 жылы жер аударылған жартылай феодалдар мен байлардың саны: 657
Ұжымдастыру жылдары ірі байлардан алынып, ұжымшарларға берілген ірі қара малдың саны: 145 000.
Қазақстанның мал шаруашылығы аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы: Жерді бірлесіп
1932 жылдың ақпанында аумағы 150 км жерден көшіріп әкеліп, 400 киіз үйден «қала үлгісіндегі поселке» жасалған аудан: Шу.
Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% ұжымдастырылған болса, 1931 жылы: 65%  ұжымдастырылды.
1931-1932 жылдары малдың 80 пайызын етке өткізген  аудан: Шұбартау.
Торғайлық асыра сілтеушілер «Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын!» деген ұран тастап, онда млн-ға жуық малдың не бары: 98 мыңы қалды
Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы қалғаны: 4,5 млн
Ұжымдастыру кезіндегі «Ұлы жұт» жылдары: 1930-1932 ж.ж.
1931-1933 жылдары аштықтан қырылған халық саны: 6,2 млн адам болды, 2,1 млн-ы адам қаза тапты.
1931-1933 жылдары аштықтан қырылғандардың ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны: 0,4 млн.
1930-1932 жылдары аштықтан,түрлі індеттерден халықтың: 40%  қырылды.
Ұжымдастыру жылдарында республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен халық саны: 1 млн аса.
Ұжымдастыру кезінде, 1929 жылы жауапқа тартылған шаруалар саны: 56 498
Күшпен ұжымдастыруға қарсы Қазақстанда қарулы қарсылықтар болды: 1929-1931 жж.
1930 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін күшпен ұжымдастыруға қарсы халық наразылығының ірі ошағына айналған: Семей округі.
«Қазақ өлкелік комитеті бандиттік- басмашы қозғалысының көрінісі», деп бағалаған Торғай шаруаларының көтерілісі: Батпаққара 1929 жылы 1 қарашада басталды
Ұжымдастыруға қарсылық ошағы, Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстаннан 5 мың шаруа біріккен Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырылған: 8-дивизия басып тастады.
Жаппай ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары кезінде көтерілісшілер басып алған аудан орталығы: Созақ.
Ұжымдастыру жылдарында халқы Иран мен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болған аудандар: Маңғыстау, Ойыл, Табын, Жылқосын.
1931 жылдың көктемінде көтеріліс жасаған шаруалар түгелдей қырылып тасталған аудандар: Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау.
1930-1932 жылдары ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы өткен толқулар мен көтерілістер саны: 372
1932 жылғы шілдеде БК(б)П өлкелік комитетіне, Ф.Голощекинге жазылған ашық хат: «Бесеудің хаты».
1933 жылы наурызда И.В.Сталинге л хат жазған қайраткер: Т.Рысқұлов.
Ұжымдастыру барысында компартия Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылдады: 1932 жылы
Екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болып, онда ауыл шаруашылығы артелінің жаңа үлгі Жарғысы қабылданды: 1935 жыл ақпан.
Ұжымдастырудан кейін Қазақстанның ұжымшарлары мен кеңшарлары қайта бас көтере бастады: Екінші бесжылдық кезінде.
Қазақтардың көшпелі өмір салтынан отырықшылыққа көшуі, негізінен аяқталды: Екінші бесжылдық кезінде.
Ұжымдастырудан кезеңінен кейін ауылда өзекті тұлғаға айналған: Механизатор.
1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға  көшіріліп әкелінді: Корейлер.
1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға  көшірілген корейлер саны: 100 мыңнан астам адам.
1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға  қоныс аударушы корейлерден тұратын қанша ұжымшар құрылды және қай облыстарда 57 ұжымшар құрылды Алматы, Қызылорда облыстарында.
Елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады: 1930 жылдарда.
«Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген теорияның авторы: Сталин.
ХХ ғасырдың 30 жылдары тоталитарлық, казармалық жүйені енгізген қайраткер: Сталин.
1930 жылғы сәуірде Қазақ АКСР БМСБ (Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма) алқасы қазақ-кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі: Ж.Аймаутовты атуға үкім шығарды.
Қазақстанда «қызыл астананы» салушылардың «қаскүнемдігі» ашылды: 1928 жылы Қызылорда.
«Қызыл астана» салуда қастандық ұйымдастырды деп сотқа тартылғандар: П.Т.Буддаси, С.Б.Голдгор, М.Тынышбаев, С.А.Баграков.
Лаңкестік жаппай сипат алды: 1937 – 1938 жылдары.
1905 жылдан партия мүшесі, революционер: В.Н.Андроников.
1917 жылдан партия мүшесі: Л.И.Мирзоян.
1917 жылдан партия мүшесі, азамат соғысына қатысушы: К.Я.Рафальский.
Лаңкестік құрбаны болған қазақ тілі білімінің ғылыми-маркстік негізін салушы: А.Байтұрсынов.
Жазалаудың құрбаны болған қазақтың тарихи білімінің негізін салушы: С.Асфендияров.
Лаңкестік құрбаны болған КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі: М.Төлепов.
Жазалаудың құрбаны болған көрнекті тілтанушы ғалым, профессор: Қ.Жұбанов.
1931 жылы Қарағанды облысының, Осакаров ауданында пайда болған обсервациялар саны: 25 қоныс обсервация.
101 мың қазақстандықтар ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде атылғандары: 27 мыңнан астамы.
1930-1940 жылдары және 1950 жылдарда контрреволюциялық қылмыстар туралы істердің жартысынан астамын қараған сот емес органдар: БСМБ (Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма) алқасы, «үштіктер» (үш адамнан құралған комиссия).
Ақмоладағы Отанына  опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагерде (АЛЖИР) осы мемлекет қайраткерінің әйелі мен қызы азап шекті: Т.Рысқұловтың.
КСРО конституциясы қабылданды: 1936 жылы 5 желтоқсан VIII съезде.
Қазақ АКСР-і Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазақКСР) деп аталды: 1936 жылы желтоқсанда.
Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды: 1937 жылы наурыз Қазақстан Кеңестерінің Төтенше Х съезде.
1937 жылы желтоқсанда КСРО Жоғары Кеңесіне республикадан сайланған депутаттар саны: 44.
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған шахтер: Т.Күзембаев.
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған мұнайшы: С.Зұрбаев.
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған сауыншы: С.Оңғарбаева.
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған Комбайыншы И. Логвиненко
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған паровоз машинисі Л.Березняк.
1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің сайлауы өтіп, сайланған депутат саны: 300 депутат.
1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне сайланған депутат-қазақтардың саны: 152.
1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне сайланған әйел-депутаттар саны: 60
1938 жылы 15 шілдеде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын ашқан: Ж.Жабаев.

Semelhante

Francês
BeatrizL
Aprenda a fazer uma boa Redação em 5 passos
Alessandra S.
Phrasal Verbs - Inglês #6
Eduardo .
Expressões em inglês #8
Eduardo .
Glossário de Biologia
GoConqr suporte .
Direito ambiental
GoConqr suporte .
Dir. Constitucional - Classificação das Constituições
Lucas Ávila
Projeto Med 2015: História e Geografia_2
chikocosta
Oscilações, ondas, óptica e radiação
Sem Parar
Guia Rápido do Usuário
GoConqr suporte .
Revisão de Direito Penal
Alice Sousa